Бейәдеп сөзі үшін жауапқа тартылды
Өткен аптада Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық тәртіптік кеңесінің кезекті отырысы болып, онда бірнеше іс қаралуы керек болған. Сыбайлас жемқорлықпен күрес және ар-намыс кодексі талаптарын, мемлекеттік бақылау және қадағалау заңын сақтамады деген Тобыл-Торғай облысаралық бассейні балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Н.Сәрсенов пен оның орынбасары А.Федуловқа қатысты тәртіптік іс тоқталуына байланысты қаралған жоқ.
Сондай-ақ, негізгі қаралатын істердің қатарында қаржы полициясы тарапынан парақорлыққа жол берді (ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңының 13 бабы 1 тармағы) деген акті негізінде Қамыс-ты ауданы әкімінің орынбасары Д.Құлмановтың ісі оның сырқатына байланысты кейінге шегерілді.
Ал отырыста бейәдеп сөз айт-қан басшының жазасыз қалмағанына куә болдық. Облыстық тұтынушылар құқықтарын қор-ау департаментін басқарып отырған С.Бәйменованың осыдан бір ай бұрын "Қазақстан" те-леарнасында моральдық-этикалық талаптарға жат сөзіне Жанкелдин ауданынан Ж.Бимағамбетовадан шағым түседі. Тәртіп-тік кеңесте департамент жетек-шісінің бейәдеп сөзі жазылған тележазба үзіндісі көпшілікке көрсетілді. С.Бәйменоваға кеңес шешімі бойынша сырттай қатаң сөгіс жарияланды. Өйткені, ол кеңес мәжілісіне қатысқан жоқ.
Шұға
ҚОҢҚАБАЙ