Заңсыз аң аулаушылар жауапқа тартылды
Облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы табиғатты қорғау полициясымен бірлесе отырып, заңсыз аң және балық аулау фактілерін анықтау мақсатында Алтынсарин және Сарыкөл аудандарында рейд жүргізді. Жүргізілген шара барысында қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша 5 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Мәселен, Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы селолық округінде аң аулау тәртібін бұзған үш азамат ұсталып, олар ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, рейд барысында Сарыкөл ауданында балық аулау ережелерін өрескел бұзу фактісі анықталып, азамат Н. және Ж.-ға ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Құқық бұзушыларға жыл басынан бастап күшіне енген жаңа ҚР ӘҚБтК-нің талаптары, яғни құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында салынған айыппұлдарды 7 күн ішінде төлейтін болса 50% жеңілдік қарастырылғаны түсіндірілді.
Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы.