33 нысан жекенің қолына өтті

Жекешелендіру аясында Қостанай облысында 33 нысан сатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Мейрамхан Ержановқа сілтеме жасап хабарлайды.
????

????

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында бекітілген тапсырмасына сәйкес, елімізде жекешелендіру шарасы жүзеге асырылғаны белгілі. Шағын және орта кәсіпкерліктің тірлігін оңтайландыруға бағытталған науқан Қостанай өңірінде белгіленген мерзімнен ерте аяқталды.
«Жекешелендіру бағдарламасы аясында сырттан қаржы тартылып, экономика өркендейді. Нарықта әділ бәсекелестік орта қалыптасты. Мемлекет шығыны азайып, бизнес  дамуда. 2020 жылға белгіленген кешенді жоспарды Қостанай өңірі мерзімнен ерте орындады. Біздің  облыста 1 млрд теңгеге  33 нысан сатылды. Сатылған меншік иелерінің 50 пайызы қалалық және аудандық мерзімді баспасөздерге тиесілі. 7 кәсіпорын түрлі себептерге байланысты жұмысын тоқтатты. Олардың арасында аймақтық оқу-әдістемелік орталықтар, жастар бірлестіктері бар», – дейді Мейрамхан Ержанов.
Мемлекеттің меншігінен шығарылған бизнесті сатып алуға кәсіпкерлердің қызығушылығы зор екені байқалады. Сол себепті былтыр өңірдегі ірі спорттық нысандар – баскетбол және футбол клубтары жекенің қолына өтті. Бүгінде сатылған әр нысанға облыстық қаржы басқармасы сараптама жүргізеді. Мемлекет мыңдаған кәсіпорынды жекешелендіру арқылы бюджет шығындарын үнемдеуге қол жеткізді дейді мамандар.
Айта кетейік, Қостанайдың халықаралық әуежайы республикалық меншік тізімінен алынып тасталып, коммуналдық меншікке өтті. Әуежай қыркүйек айына дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің балансында болып келді. Ал жекешелендірудің екінші кезеңі аясында нысан кезекті рет сатылмай қалған болатын. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓