Диқандарды не өкпелетті?

Тұқымдық субсидиялаудың жаңа қағидалары қабылданғаннан кейін бірқатар фермер мемлекеттік көмекке ие болу құқықтарын жоғалтуы мүмкін. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлайды.зерногБелгілі болғандай, өткен жылы жасалған тұқым сатып алу келісімшарттары енді субсидияланбайды. Ережеге сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан кейін тұқым шаруашылықтарымен келісім жасасқандар ғана субсидия алады.
"Жақсы шаруа қыстың қамын жазда ойлайды. Сондықтан тұқым өндірісімен айналысатын ірі шаруашылықтар әр телім жерінен мол өнім алу үшін қазан-қараша айларында-ақ келісімшарт жасасып қойды", – дейді облыстық фермерлер кеңесінің төрағасы Марат Ахметов.
Аталған кеңестің өкілдері таяу уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігіне осы мәселені шешу ұсыныстарын жолдауға ниетті болып отыр.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓