Экс-әкім рақымшылық сұрады

Қостанайдың бұрынғы әкімі, қазір жазасын өтеп жатқан Ахмедбек Ахметжанов шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрап, өтініш түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.ахметжанов
«2018 жылдың 20 желтоқсаны күні Қостанай қаласының №2 сотына сотталған А.М. Ахметжанов шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрап, өтініш білдірді. Сот отырысы 2019 жылғы 18 қаңтар күні 10:00-де «УК-161/11» мекемесінен онлайн-видео режимінде сот залында өтеді», – деп мәлім етті облыстық соттан. Еске сала кетейік, 2016 жылдың 11 сәуірінде Қостанай облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен А. Ахметжанов 13 жылға сотталып, мүлкі тәркіленді. Сондай-ақ  ол өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылған болатын.
Кейіннен ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2017 жылғы 20 шілдедегі қаулысымен бұл үкім өзгертілді. Экс-әкімге 7 жыл 6 мерзімге бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айыру жазасы белгіленді.
Содан кейін Ахметжанов Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма жылдығына орай рақымшылыққа ілігіп, оның өтелмеген 6 жыл 6 ай 10 күн түріндегі жазасы ширек бөлігіне қысқартылып, қауіпсіздік деңгейі орташа мекемеде өтелетін 4 жыл 10 ай 23 күн етіп белгіленді. 2018 жылы сәуір айында А. Ахметжанов жазасын өтеп жатқан Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық сотының қаулысымен қауіпсіздік деңгейі барынша төмендетілген мекемеге ауыстырылды. Артынша, 18 маусым күні ол ШҚО-дағы мекемеден Қостанай облысындағы қоныстану колониясына жіберілді. 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓