Жетім көрсең, жебей жүр

DSC_7518Қостанай облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) ҚР қаржы полициясы органдарының құрылғанына 20 жыл толуына  арналған "20 қайы-рымды іс" акциясы аясында қамқорлыққа  алынған жетім балаларға материалдық көмек көрсетті.
Ариана Шарипова қала мектептерінің бірінде оқиды. Оны әжесі тәрбиелеп отыр. Ариана өте жақсы, талапты бала.  Ол жақын туысындай болып кеткен департаменттің қызметкерлерін үнемі асыға күтеді. Қашан да көрсең  жайдарлы,  ақжарқын. Алған сыйлықтарына үнемі ризашылығын білдіріп, "Рахмет сіздерге!  Бәрі де әдемі. Тап қазір осылар керек  еді" деп,  қай сыйлық болмасын олардың өзіне қажетті зат екенін  айтуды еш уақытта жасырған да  емес-ті.  Қаржы полицейлері оған көктем айында киетін  бірнеше киім жинақталымын, аяқ және спорттық киім әкелді.
Бұл күні Рудный қаласындағы Айнұр Біркенова да көмек алды. Ол тұл жетім. Қазіргі таңда Айнұр мемлекеттік бағдарлама бойынша бөлінген бір бөлмелі пәтерде тұрып жатыр. Айнұр өмірдің қиыншылықтарынан қорықпай,  алға қарай ұмтылып, өздігінше болуға тырысады.
– Есейіп өскен сайын,  жолыңда кездесер қиындықтар күрделене түсері сөзсіз. Осы  сәтте қол ұшын созғанның  көмегін сезінген қандай жақсы. Сол үшін рахмет айтқым  келеді, – дейді  ол. Ай-нұрға ақшалай  көмек көрсетілді.
"Біз бір  белгі үшін  іс-шара өткізіп я  көмек беру үшін қандай да бір себеп іздемейміз. Біз шын ниетімізбен осы балаларға көмектесіп, қол ұшын бергіміз келеді.  Адам баласы бірі-бірін жақын тартпаса, бірі-біріне қайырымды болмаса,  келер келешегіміз қандай болмақ?" – дейді қаржы полицейлері.
Гүлназым
    САҒИТОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓