Тағы да екі адам…

Қайғылы оқиға 11 шілдеде Жітіқара және Таран ауданында болды. Бұл туралы ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады.imagesАқпарат бойынша, 17 жастағы жітіқаралық қыз шомылуға рұқсат етілмеген орында суға түскен.
"ТЖД қызметкерлері күшімен қыздың денесі судан шығарылды. Тағы бір трагедия Таран ауданындағы Мақсұт өзенінде болды. Балық аулауға барып, суға түсуге рұқсат етілмеген жерде шомылып, тұңғиықққа батып кеткен 9 жастағы ер баланың мүрдесін жергілікті тұрғындар тысқа алып шыққан", – делінеді хабарламада.
Ведомство деректері бойынша, биылғы шомылу маусымында 6 адамның ажалы судан болды, олардың үшеуі –бала. Құтқарушылар күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓