Тәртіп сақшыларына алғыс
29 желтоқсан күні Рудныйдан Қостанай қаласына жеке жұмыстарыммен келдім. Шаруаларымды аяқтап, үйге қайту үшін автовокзалға бардым. Автобусқа үлгірмей, такси іздей бастадым. Сағат 20:00 шамасында Рудныйға баратын көлік таппайған соң, жолға жаяу шығуға тәуекел еттім. Қақаған аязда жол үстіндегі адамға оңай емес. Өтіп жатқан көліктердің бірі де тоқтаған жоқ. Шамамен таңғы 06:30 кезінде жаныма полиция көлігі аялдады. Тәртіп сақшыларын жағдайымды айтып едім, Рудныйдағы үйіме дейін әкеліп тастады. Қиын сәтте қол ұшын созған облыстық жол полициясының батальонына алғысымды білдіремін. «5006» нөмірлі патрульдеу көлігінің қызметкерлерінің кәсібилігіне ризамын.
Бақыткерей Бегежанов,
Рудный қаласының тұрғыны