Виктор Ионенко – Меңдіқара ауданының әкімі
Бүгін облыс әкімі Нұралы Садуақасов меңдіқаралықтарға жаңа әкімді таныстырды. Ал осыған дейін Меңдіқара ауданын басқарған Серікжан Жақаев өз еркімен жұмысынан босатылды.
-Қазір әрбір аудан өз экономикасын нығайту қажет. Өйткені облыс экономикасы оған қарасты аудандардың экономикасымен тығыз байланысты. Виктор Ионенко – ақылды, сауатты басшы, – деді халыққа таныстыру кезінде Нұралы Садуақасов. – Сіздер тек ауылшаруашылығын секторын ғана емес, қайта өңдеу кәсіпорындарын өркендетуге күш салыңыздар. Сонымен қатар мал шаруашылығымен қоса ветеринария саласын дамыту қажет. Әрине, мұның бәрі аудан басшысына байланысты,- деді.
Аудан активіне жаңа басшыны таныстырған облыс әкімі өңірде бірінші кезекте шешілуге тиісті міндеттер мен Елбасының тапсырмаларына тоқталып, ауданның жаңа әкіміне алда тұрған ауқымды жұмыстарды ерекше атап көрсетті. Сонымен бірге, ол аудан активі алдында жаңа әкімге сенім білдіріп, белсенді жұмыс істеуге шақырды.
Өз кезегінде ауданның жаңа әкімі В.Ионенко өзіне көрсеткен зор сенімдері үшін облыс әкіміне алғысын білдіріп, осы сенімнен шығуға бар күш-жігерін аянбайтындығын жеткізді.
Шұға Қоңқабай