17 сәби дүние есігін ашты
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа жылдың алғашқы күні 17 сәби дүние есігін ашқан. 2019 жылы өмірге келген балалардың алтауы – ұл, он бірі – қыз.
"Барлық нәрестеге және шаттыққа кенелген отбасыларға, сондай-ақ шақалақтардың есен-сау өмірге келуіне дәнекер болған медицина қызметкерлеріне зор денсаулық тілейміз!" – делінеді басқарма хабарламасында.