Әуежай сатылмай қалды
Әуелде, халықаралық әуежайды сатып алу құқығы бойынша сенімді басқаруға беру тендерін өткізу 2017 жылғы 20 желтоқсанға жоспарланған. Үшінші сатылым барысында жекешелендіру шарттары өзгертілді. Кепілдік жарнасы 129,3 млн теңгеге дейін кеміді. Алайда, өтінім түспеген соң әуежай тағы да сатылмай қалды.
«Тендер тағы да өткізілмеді. Халықаралық әуежайдың ендігі тағдырын арнайы комиссия шешеді. Комиссия отырысы келесі аптаға белгіленген», – деді Оразалин.
Айта кетейік, аталған нысан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің балансында тұр. Ол Қостанай қаласы төңірегінің оңтүстік-батыс жағынан 2 шақырым жерде және әкімшілік орталығынан 5,6 шақырым қашықтықта орналасқан. Әуежай халықаралық мәртебеге ие. Бір жыл ішіндегі рейс саны – 1700. Жеткізілетін жүктердің, поштаның көлемі – 250 тоннадан астам.