Елбасы екі Заңға қол қойды
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сатып алуларды жетілдіруге бағытталған және халықтың жұмыспен қамтылуы саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.
Сондай-ақ, екінші Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.