Неліктен елік атты?

Жақында сібір елігін атқан браконьерлер қамауға алынды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Табиғат қорғау полициясының қызметкерлері «Қостанай-Мамлют» бағытындағы жолда «ВАЗ-2107» маркалы автокөлігін ұстады. Көлік салонында жүргізуші мен екі жолаушы болған. Тексеру барысында полиция қызметкерлері көліктің жүк салғышынан сібір елігін және екі мылтықты тапты.
«Тексеру барысында қарулар жолаушылардың біріне тіркелгендігі анықталды. Күдіктілер Қостанай ауданына аң аулауға келген. Олар Меңдіқара ауданының тұрғындары болып шықты. Олардың сібір елігін атуға рұқсат қағазы болған жоқ», – дейді полиция департаментінен.
Күдіктілер кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігімен «Заңсыз аң аулау» сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
 
Ш.АҢСАҒАНҚЫЗЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓