Аудан мешітінің қайырымды бастамасы
Әлемді дүр сілкіндірген індет көптеген мемлекеттерге қауіп төндіруде. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты көптеген мекемелер, ұйымдар қайрымдылық шараларын жасауды бастап кетті.
Науырзым ауданындағы «Түркебай» мешіті де игі істен шет қалған жоқ. Ең алдымен өңірде медициналық бетперденің (маска) тапшылығын Науырзым аудандық «Түркебай» мешітінің бас имамы Есет Ғабдімәліков үлгі боларлық бастама көтеріп отыр.
«Мешітіміздің жамағаты 70-тен астам медициналық бетперде қолдан тігіп, тегін таратты. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер Алма Ғалиеваның демеушілігімен құрбандыққа мал шалынды. Алладан елдін амандығы үшін дұға-тілек бағышталды. Шалынған қойдың құрбан етімен бірге негізгі керек жарақтар мен азық-түлік көп балалы, тұрмысы төмен 10 отбасына таратылып берілді», – дейді ауданның бас имамы Е.Ғабдімәліков.
Науырзым ауданы