Әріптесіміздің жетістігі

ҚР Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында өткізілген «Туған өлкем – Қостанай!» атты облыстық жыр мүшайрасының нәтижелері жарияланды. «Ақ жол» демократиялық партиясының облыстық филиалы мен «ТоболИнфо» ақпараттық порталы бірігіп өткізген байқауда «Қостанай таңы» газетінің қызметкері Жұлдыз Бермағамбетова бас жүлдеге ие болды. Интернет-сауалнамада Жұлдыздың «Қостанай тұмар болып тағылып па ең» атты өлеңі көп дауысқа ие болды. «Қостанай Медиа» ЖШС директоры Мешіт Ғазиздің сөзінше, байқауға әр өңірден 24 қатысушы тіркелді. Сонымен қатар 2000-ға жуық адам интернет-сауалнамаға қатысып, үздікті анықтады. Байқау шарты бойынша патриоттық тақырыптағы 2 өлең ұсыну қажет болды.

– Аталмыш байқау жастарға шығармашылық серпін беретіні рас. Мектеп жасынан бері өлең жазамын. Алғашқы жетістіктерім де сол мектеп қабырғасында басталды. Бұған қоса екі авторлық әнім бар. Кейінгі кездері сөзге ән, әнге сөз жазып жүрмін. Алдағы уақытта туындыларымның басын біріктіріп, шағын жыр жинағын шығару жоспарда бар. Әдеби салад жаңа жылдан жақсы жаңалықтар күтеміз, – дейді Жұлдыз Бермағамбетова

 

Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓