«Жыл адамы» атанды

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы республикалық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынаста қызмет атқарып келеді.IMG_1777
– Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдағы ең ықпалды құрылымдардың бірі және негізгі құрал болып табылады. Сондықтан баспасөз, радио мен теледидардың адам баласына әсер бере отырып, жанама түрде тәрбиелейтін мықты институт. БАҚ арқылы республика, облыс тұрғындары оқу ордамыздың күнделікті тыныс-тіршілігімен, білім нәрін алып жатқан курсанттар арасында өткізілген әртүрлі мәдени-көпшілік және спорттық ісшаралармен, ақпараттармен хабардар.  Жыл айрығында академиямыз «Қазақстан-Қостанай» ОТРК телеканал  ұжымы өңірдегі  БАҚ-мен жыл бойы  белсенді жұмыс істеген  әр сала бойынша бір топ басшыларды марапаттап, құттықтады. Солардың қатарында академиямыздың басшысы да  бар,-деді  жоғары оқу орнының  баспасөз хатшысы Орынбасар Уақпаева.IMG_1794
«Қазақстан-Қостанай» ОТРК телеканалының ұжымы жыл бойығы бұқаралық ақпарат құралдарымен белсенді жұмыс істегені үшін  ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызыловқа мемлекет және қоғам қайраткері Шырақбек Қабылбаевтың ескерткіші алдында «Жыл адамы – 2015» мүсінін табыс етті.  Полиция полковнигі Мирлан Қызылов өз сөзінде «Қазақстан-Қостанай» ОТРК телеканалының ұжымына алдағы уақытта жаңа ізденістер, тың жаңалықтар, шығармашылық табыстар,  қаламдарыңызға қызықты тақырыптар, кәсіптеріңіздің өрлеуіне сәттілік тілеймін деп,  жылы лебізін білдірді.
 
Гүлназым САҒИТОВА
Суретте: марапат сәтінен көрініс

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓