Мал басын көбейтпек

"Бизнестің жол картасы–2020" бағдарламасының екінші бағыты бойынша үстіміздегі жылы ауданда бірнеше жоба жүзеге асырылып, бірталай жас кәсіпкер жеңілдетілген несие алды. Өзінің кәсібін ашып отырған жастардың бірі – Александр Меркушев. Мемлекеттік бағдарлама аясында қаржыға қол жеткізген жас кәсіпкер ірі қара мал басын көбейтуге кірісіп кетті.