Жұмысы жастарға үлгі

image descriptionОн алты жылдан аса бөлімде қалтқысыз еңбек етіп, бүгінде  Меңдіқара аудандық төтенше жағдайлар қызметі бөлімінің  аға инженері, өртке қарсы қызметтің майоры Виктор Шумилейко өз әріптестері мен ізін басқан қызметтегі жастарға үлгі-өнеге боларлық жан. Бөлімнің ардагері өз қызметтік іс-әрекеттерінде тұрақты жақсы көрсеткіштерге қол жеткізе отырып, өзінің жылдар бойы жинаған тәжірибесін жастардың бойына сіңіруде.
Виктор Марьянович 1988 жылы Қостанай құрылыс техникумын тәмәмдаған. 2004 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтында біліктілігін арттырады. Негізгі мамандығы заңгер. Мекеме мамандарының уәжіне құлақ асар болсақ, білікті маман жұмыс барысында нормативтік актілер мен заң талаптарын қатаң сақтап, қадағалауды бір сәт те естен шығармайды. Мемлекеттік қызметке адал, әрі жауапкершілігі мол қызметкер. Қызмет барысындағы тәртіптік заңды бұзуға жол бермейді. Өзіне жүктелген жұмысты тиянақты әрі ұқыпты орындайды. Мінезі сабырлы және бойындағы жақсы қасиеттерімен барлық қызметкерлерге үлгі боларлықтай жан. Ұжымның спорттық, ортақ қоғамдық жұмыстары болсын әрдайым белсенділік танытып келеді.
Төтенше жағдайлар қызметі бөлімінің  аға инженері осы уақытқа дейінгі еңбек жолында алғыс хаттар мен қоса "Өртке қарсы қызмет органдарында мінсіз қызмет атқарғаны үшін" ІІ-ІІІ дәрежелі төсбелгілерімен марапатталған. Әкелерінің осынау жетістіктерін оның балалары да мақтан тұтады. Отбасының да көшбасшысы бола білген жанның еңбегі – болашақ ұрпаққа үлгі.
Айбатыр Ахметбеков.
Меңдіқара ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓