Қосымша қаржы бөлінді

Бүгінгі таңда облыстың азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорында құмшекер бар, ол сауда желілері арқылы сатылатын болады.
Сонымен қатар, сауда желілері шекерді шектеулі түрде сатады, бұл қанттың аймақтан тыс жерлерге сатылып кетуіне жол бермейді.

Сондай-ақ, «Азық-түлік корпорациясы» АҚ арқылы жеткізушілер жақын арада тағы да қант сатып алатын болады. Сонымен қатар, басқа елдерден қант әкелу мәселесі де қарастырылуда.
-Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қосымша қаражат бөлуді тапсырдым. Бұл бағытта облыста бірқатар шаралар қабылдануда. Қала мен аудан әкімдіктері күнделікті негізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізетін болады, – деп қорытындылады облыс әкімі.
