Жерлестеріміз жеңімпаз!
Қостанайлық «МедиДез» ЖШС «Қазақстанның үздік тауарлары» байқауының республикалық кезеңінде жеңіске жетті. Компания байқаудың «Өдірістік маңызы бар үздік тауарлар» аталымында үздік шықты.
Үстіміздегі жылы үздіктер қатарына енуге 1 163 кәсіпорын таласқан. Соның тек 153-і ғана республикалық кезеңге өтті. Жеңімпаздар халықтың дауыс беруі арқылы анықталды.
Бүгінгі таңда «МедиДез» ЖШС Қазақстан бойынша зарарсыздандырғыш дәрі-дәрмектер нарығындағы жетекші тасымалдаушы. Екі жыл бұрын компания өзінің жеке өндірісін іске қосты.
Сондай-ақ, ҚР Президентінің жыл сайынғы дәстүрлі «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауарлары» республикалық сыйлығын беру салтанатының үстінде тағы бір қостанайлық компания – «Милх» сүт зауытының «Новый день» маркасы «Ұлы дала елі» брендін пайдалану құқығына ие болды.
«Милх» ЖШС отандық нарықта жиырма жылдан бері жемісті жүмыс істеп келе жатыр. Компания бүгінде 60-тан астам сүт өнімдерін – сүт, кефир, айран, ірімшік, иогурт, балмұздақ, қаймақ т.б басқа көпшілік жиі тұтынатын тауарлар шығарады.
Әлібек ЫБЫРАЙ