Қызықты шара

Мәдениет басқармасы жанындағы «Мәдениет ауласында» Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Шектеусіз музей» мәдени білім беру акциясы аясында және саңырауқұлақ теру маусымына байланысты «Қостанай облысының жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтары» көрмесін ұйымдастырды. Музей қызметкерлері көпшілікке ерекше көрме барысында көптеген ақпарат бере алды. Келушілер саңырауқұлақтардың ерекшеліктерімен танысып, ақпараттық бүктемдер алды.
Онымен қоса түрлі ғасырдағы қазбалар туралы қызықты шара да өтті. Тілек білдірушілер «Палеонтологиялық қазбаларға» қатысты табылған заттың ежелгі жануарлардың қайсысына жататынын анықтап, тасқа айналған кейбір заттарды өздеріне ескерткіш ретінде алды. Бұл шарадан балғындар да тыс қалмады. Олар зерттеушілердің жасырған жұмбақтарын шешіп, «Жыл құсы» жапсырмаларына ие болды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓