Бүгін Үкімет отырысында көрнекті жазушы Бейімбет Майлиннің есімін Таран ауданына беру туралы ұсыныс мақұлданды. Бұл туралы Қостанай облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Меңдекинова Фейсбук желісіндегі жеке парақшасында бөлісті.
"Бүгін Үкімет отырысында Бейімбет Майлиннің есімін туған ауылы орналасқан Таран ауданына беру қарастырылды. Ұсыныс қолдау тапты. Енді алдағы жұмыстар сәтті өтсін. Мәдениет министрлігіне алғыс білдіреміз. Елерке Әдепханқызы Торехан, сіздің қызметіңізге табыс тілейміз", – деп жазды басқарма басшысы.