Баға бақылауда тұр

Қала дүкендерінің кейбірінде алты жүз граммдық бір бөлке 75 теңгеге қымбаттаған.  Бұрын әлеуметтік маңызды делінген азық-түліктің бағасын тұрақты ұстап тұру үшін әкімдіктегілер мен  наубайшылар,сауда иелері меморандумға қол қойған  болатын.DSC_0625
– Бұрын мемлекет наубайханаларға тұрақтандыру қорынан арзанға ұн беріп, барынша қолдап келген еді. Екі жылдан бері бұл бағдарлама тоқтады, – дейді БАҚ өкілдерімен өткен кезекті брифингте облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Жансұлтан Тәукенов.
Оның сөзінше, нан бағасының өсуіне себеп көп. Электр энергиясы қымбаттаған, былтырдан бері 3 класты бидай бағасы өскен. Мәселен, өткен жылы астықтың бір тоннасы 38 000-42 000 теңге шамасында болса, биыл 55 000 теңгеден бір-ақ шыққан.
Соған қарамастан формалық нан еліміздегі ең маңызды он тоғыз әлеуметтік азық-түліктің санатына енеді. Ж.Тәукенов мәселені бақылауда ұстап отырғандығын айтты. Егер нан бағасын рұқсатсыз қымбаттатқандар анықталса, 200 ЕАК айыппұл салынбақ.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓