Жүлдемен оралды

Жуырда Лисаков қаласында дзюдодан 2006-2007. 2008-2009 жылы туған  жасөспірімдер мен кыз балалар арасында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған арасындағы республикалық турнир өтті.
Жарысқа облыс қалалары мен аудандары, сондай-ақ,  Астана,Семей, Қарағанды, Степногорск, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Ерементау, Петропавл, Ресей Федерациясынан Челябинск,Орынбор, Магнитогорск, Орск қалаларынан 300-ден астам палуан қатысты.
-Турнирді өткізудегі мақсат- жасөспірімдердің бойына патриоттық және жоғары адамгершілік қасиеттерді сіңіру, салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды қазіргі өмірдің жағымсыз құбылыстарынан алшақтау,-дейді жарысты ұйымдастырушылар.  
Үш күнге ұласқан белдесулердің нәтижесінде Қостанайдағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің палуандары  Бердімұрат Бидос, Аружан Тарғынбекова,  Саят Дүйсенбековтер жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Ярослав Салатов. Руслан Мұратбеков, Ғабдолла Бейісов, Дінмұхамет Ахан, Адай Айтуаровтер (жаттықтырушылары – Дарменбаев С.М, Абдуайтов М.Ж, Кенесов Т.С) жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Шыңғыс Сағындык пен Мәди Ахат жүлделі орынға ие болмаса да, жарыстың соңына дейін белдесіп, бесінші орынға табан тіреді. Ал. Бахтияр Қалиханов, Ердәулет Есетаев, Дәулет Мұхаметқали, Бауыржан Әмірғалиевтер жетінші орынды қанағат тұтты..
Жалпы, жарыс жоғары деңгейде өтті.
rCNiebvlwbc
q6lICtnZFIA
7V_J-Z4l7Ig
l_B_ElMn65s

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓