Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы жолдауға болады
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қазақстандықтар коронавирусты жұқтырғаны расталған жағдайлары туралы мәлімдемесінен кейін халық арасында алаңдаушылық айтарлықтай өсті. Бұрын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Бірыңғай байланыс орталығына күніне шамамен 1500-2000 қоңырау келіп түсетін болса, ал қазір олардың саны 3 есеге артты – күніне 6 мыңға дейін.
Осындай маңызды кезеңде ағзаңызды мүмкін болып қалатын жұқтырудан сақтану және алдын-алу үшін барлық шараларды қабылдау қажет. 1406 байланыс орталығының операторлары халыққа денсаулығын нығайту және өзінің ағзасын қорғау, күдікті симптомдар байқалғанда әрекеттер жасау бойынша кеңес беру дайындығынан өтті. “Байланыс орталығы қажетті алдын-алу шаралары және вирустан қорғану бойынша кеңес беру үшін жұмыс істейді. Операторлар сонымен бірге сырқаттанып қалған кезде қайда бару керектігін, қандай симптомдарға назар аудару керектігін, қайда талдауларды (анализдерді) тапсыруға болатындығын түсіндіреді. Үкімет пен уәкілетті органдар қабылдап жатқан шаралар халықты қорғауға бағытталған. Алайда, қоғамдық орындарға бару денсаулыққа қауіп төндіретінін саналы азаматтар түсінуі керек”, – деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, өз сұрақтарыңызды 1406 операторларына Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы да жолдауыңызға болады. Жолданымға тіркеу нөмірі беріледі, содан кейін сіз өзіңіздің жеке кабинетіңізде оның мәртебесін тексере аласыз.