Дәстүрлі ән өнері ұлықталды
Дәстүрлі өнердің қаймағы саналатын қазақтың ән өнері – халқымыздың мерей тұтып, мақтаныш етер асыл мұрасы. Бүгінде рухани жәдігерлердің ішінде замана сүзгісінен өтіп, халқымыздың ежелгі рухын, тарихын, жан дүние сұлулығын, мейірімін, ізденісі мен махаббатын, іңкәр ықыласын бүгінгі ұрпағымызға жеткізетін ән байқаулары жетерлік. Солардың бірі Рудный қаласындағы «Алые паруса» халық шығармашылық үйінде өтті. Осымен жетінші мәрте ұйымдастырылған өнер додасында 30-ға тарта сайыскер қатысып, жас ерекшеліктері бойынша сынға түсті. Байқауда халық арасында кеңінен танымал «Әгугай», «Дудар-ай», «Ай қаракөз», «Қамажай», «Балқадиша», «Балапан қаз», «Көзіңнің мөлдірін-ай» әндері шырқалды. Ал «Әдемі қыз» туындысын бірден төрт үміткер таңдапты.


– Әрине, үлкен сахна мен мектептің сахнасын салыстыруға келмейді. Бірақ балаларда өсім байқалады. Байқаудың мақсаты – сол талант иелерін анықтап, ынталандыру, шеберлігі мен шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беру. Мәселен, осы конкурстың өткен жылдардағы жүлдегерлері мектептердің, қалалық білім және мәдениет бөлімдерінің қолдауымен облыстық, республикалық ән додаларында топ жарды, – дейді ол.


Қуаныш ЕСҚАБЫЛ,
Рудный қаласы