NOMAD MMA Қостанайда
Қостанай қаласында NOMAD MMA Jas ULAN атты ережесіз жекпе-жектен 3-ші республикалық турнир өтті. Ол ҚР Тәуелсіздік күніне арналды. Шаршы алаңға Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Семей қалаларынан келген 6-15 жас аралығындағы жеткіншектер шықты.
Жан алысып, жан беріскен бәсекеде Қостанай құрама командасы қарсылас шақ келтірмей, командалық есепте бірінші орынды иеленді. Ақмола облысының балғын спортшылары екінші тұғырдан көрінсе, үздік үштікті Қарағанды қаласының өкілдері қорытындылады. Спорттық шараның өтуіне облыс орталығындағы "Львовский Колос" мекемесі, "Медиа" цифрлық аксессуарлар маркетінің желісі, "Легион" спорт тауарлары дүкені демеушілік көрсетті.