Игорь Юрин «Тобылға» қайта оралды
2015 жылғы ел чемпионатының басталуына аса көп қалған жоқ. Қазір Премьер-лига командаларының басым бөлігі Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқаны белгілі.

32 жасар Алматы футболының түлегі, жартылай қорғаушы Игорь Юрин «Тобыл» клубымен келісім-шартқа қол қойды,-деп хабарлайды Sports.kz сайты.
Бұл оның қостанайлық командаға үшінші мәрте оралуы. Осыған дейін И.Юрин 2005-2008 жылдары және 2010-2011 жылдары «Тобыл» сапында доп тепкені есте. Ол барлығы 116 матч өткізіп, 15 доп соққан. 2010 жылы «Тобыл» құрамында Игорь Юрин ел чемпионы атанды.Үш дүркін күміс,қола жүлдені жеңіп алды және Қазақстан Кубогын еншіледі. Құйынперен жартылай қорғаушы Премьер-лигада 334 кездесуге қатысып, қарсыластар қақпасын 42 рет дәл көздеген.