Жаңа футболшылар алғашқы жеңістерін әкелді

Екінші оқу-жаттығу жиынындағы жолдастық кездесу «Тобылдың» пайдасына шешілді. «Сталь» командасына қарсы өткен ойын 2:0 есебімен аяқталды. 300_1aded002026184c0fe462db62d5b42d4сурет:fc-tobol.kz
Қостанайлық команданың бас бапкері Дмитрий Огай екі құрамды да кезекпен алаңға шығарды. Кездесудің бірінші бөлігінде мына футболшылар өнер көрсетті: Короткевич, Рафкат, Садовничий, Ильясов, Агайсин, Шимкович, Эльмурзаев, Жұмасқалиев, Бугаев және бақылауда жүрген екі футболшы өз қырларын байқатты. Екінші таймда Кургулин, Кассай, Яворский, Мирошниченко, Мухудтинов, Жулпа, Досмағамбетов, Джалилов, Диак, Н'Диайе алаңға шықты. Есеп осы құраммен екінші қырық бес минуттықта ашылды. Сергей Яворский ойын барысында алғашқы голды салса, Чиприан Диак айып добынан есепті еселеді.
«Тобыл» ендігі жолдастық кездесуді 5 ақпан күні  Венгрияаның «Варда» командасына қарсы өткізеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓