Ұн зауыты іске қосылды
Қостанай қаласында ұн және қоспа жем өндірісімен айналысатын "Пионер" зауыты ашылып, оны облыс әкімі Архимед Мұхамбетов іске қосты.
Астықты аймақтың өңдеуші өнеркәсібі тағы бір зауытпен толықты. "Пионер" компаниялар тобы бүгіндері жоғары сапалы ұн өнімдерін өндіреді. Өндірістік қуаттылығы – тәулігіне 700 тонна. Негізгі сауда нарығы – Қазақстан Республикасы. Сондай-ақ, өнімдер "Пионер Элитная", "Пионер Стандарт" және "Пионер Люкс" сауда маркаларымен Ресей, Қырғызстан, Ауғанстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан елдеріне экспортталады.
Зауыт директоры Ғабит Ергешбаев берген мәлімет бойынша, өндіріс орнында 100 адам жұмыс істейді. Олардың орташа айлығы – 110 мың теңге.