Аудандық мәслихат депутаттары сайланды
Осы демалыста Қостанай облысында облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының сайлауы болып өтті.Депутаттар шығып қалған мандат иелерінің орнына сайланды. Дауыс беру Лисаковск, Меңдіқара, Алтынсарин және Федоров аудандарында өтті.
Қостанай облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Антонина Маркованың айтуынша, 7 депутаттық мандатқа 23 үміткер ұсынылды. Оның біреуі қажетті құжаттарының болмауы салдарынан тіркелген жоқ. Сайлау баламалы түрде өтті: «Нұр Отан» партиясының үміткерлерінен басқа екі партияның – ҚКХП және «Ақ жол» партиясының өкілдері қатысты. Қорытындысында облыстық мәслихаттың депутаты ретінде «Нұр Отан» партиясының мүшелері – Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Еркін Әбіл мен «Қазақстан Алюминийі» АҚ бөлімшесі директорының міндетін атқарушы Сергей Щелоков сайланды. Аудандық мәслихатқа сайланған бес халық қалаулысының бірі «Ақ Жол» партиясынан Меңсұлу Болатова болса, қалғандары – «нұротандықтар».