Әр әзілде шындық бар

Е.Өмірзақов атындағы филармонияда облыс әкімінің кубогі үшін көңілділер мен тапқырлар ойыны өтті. Сайысты облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарманың тапсырысы бойынша «Жайдарлы жастар» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Әзіл кешін «Жайдарлы жастар» қоғамдық қорының директоры Марғұлан Бәкір жүргізді.
0ac3154d-32c2-4a39-a58d-4a7378aeb134
Сайысқа елдің әр өңірінен 7 команда қатысты. Жайдарманшылар талап бойынша 5-7 минут ішінде дайындап келген әзілдерін ортаға салды. Ойын қорытындысында әділқазылар алқасы М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің «Жаңа ғасыр» командасын үздік деп тауып, оларға бірінші орын үшін 300 мың теңгенің сертификатын тапсырды. Екінші орынды 200 мың теңге жүлдесімен маңғыстаулық«Боранқұл» командасы алды. Үшінші орын Петропавлдан келген «Бес жаңалық» командасына берілді. Астанадан келген «Евразиат» командасының мүшесі Айбар Сейдағали «Ең үздік ойыншы» атанып, 50 мың теңге сыйлығын алды.
Бір айта кетерлігі, соңғы жылдары Қостанай облысының командалары республикалық лигаларда, телевизиялық ойындарда өңір намысын қорғап жүр. Мұны республикалық тележобалардың авторы, редактор Қасиет Кәрім айтып берді.8aae9b62-5fcb-4472-b29a-bf33b6500ef4
– Қостанайда бұрын телевизиялық лигада ойнаған командалар бола қойған жоқ еді. 2012 жылдан бастап олар лигаларда көріне бастады. Бүгінде телевизиялық лигаларда көрермендер Қостанайдан, Арқалықтан, Торғайдан қатысатын командаларды біліп қалды. Жалпы Қазақстанның солтүстік өңірлерінде ойыншылардың жаңа толқыны өсіп келеді. Солардан үміт күтеміз. Олардың барлығы мектеп қабырғасында жүріп ойынға қатыса бастаған, жақсы оқыған балалар. Қазір олардан құралған командалар шеберлігі республикалық деңгейге жетіп қалды. Тек Қостанайда ғана емес, жалпы Қазақстанның солтүстік өңірінде жайдарман ойыншыларының жақсы мектебі қалыптасып келеді. Біз соған қуанамыз, – дейді ол.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓