Қас дұшпанын ықтырған уақ Бармақ батыр

Қазақ даласының әр өңірінде Бармақ батырдың ерлігі жайында ел арасында қалған әңгімелер аз емес. Олай дейтініміз, тарихта Бармақ есімге ие болған бірнеше қолбасшы бар. Ал Тобыл-Торғай жерін қалмақтардан азат етуге бар күш-жігерін салған баһадүр уақ Бармақ хақында не білеміз? Осы сауалдың төңірегінде белгілі жазушы, «Алтын қалам» иегері, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ профессоры Ақылбек Шаяхметке жүгінген едік.
– Аға, Бармақ батырдың шыққан тегі мен ортасы жайында бізге жеткен мәліметтерден әңгімемізді бастасақ.
Қостанай өңірінде ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін жаудан қорғаған, қас дұшпанын ықтырған  батырлар аз емес.
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы:
«Арқада бір өзенді дер Обаған,
Сол жерді аз ғанауақ қоныс қылған.
Уақтың  ерте күнде өжет-қайсар,
Ер Көкше, Ер Қосайдай ері болған.
Сол ері ерте күннің,Ер Көкшенің,
Нəсілінен қайтпас алмас Баян туған» – деген жолдар Уақ тайпасынан шыққан батырлардың біразының аты-жөнін айқындап береді. Обаған өзені Қостанайжерін басып өтетіні де көпшілікке жақсы белгілі. Уақтардың көпшілігі осы облысқа қарасты Қарасу, Сарыкөл, Ұзынкөл аудандарында орналасқан.Уақ руының ұраны – Жаубасар.Уақ арасынан шыққан атақты қолбасшы, батырлығы аңызға айналған біртуар тұлғалардың бірі – Бармақ батыр.
Бармақ батыр дегенде, ел аузына бірнеше кісінің есімі оралады. Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауданының Тұрыш елдімекені жанындағы қорымға жерленген Бармаққа орнатылған  ескерткіште: «Алдасайұлы Бармақ батыр (1755-1850).  Бармақ батыр заманындағы қазақтың айтулы тұлғаларының бірі. XVIII- XIX ғасырда жерін жауға бермеген, елінің тыныштығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен. Ел азаматтығы жолында Ресей патшалығының отаршылдығына қарсы, түркімендер және қалмақтармен болған шайқастарда қол бастаған. Сырым батыр, Пугачев көтерілістеріне қатысқан.  Бармақ рухы биік арқалы батыр әрі саясаткер»- деп тасқа қашап жазылған жазу бар.бармак 1Маңғыстауда аты танымал болған тағы бір батыр  Ер Жанақтың шөбересі Бармақ Айтбайұлы  туралы да жиі айтылады. Ол Адайдан шыққан батыр.
Ал біздің мақаламызға өзек болған батыр – қалмақ Садырбала батырдыжекпе-жекте жеңіп, Торғай даласын жаудан тазартқан уақ Бармақ Мұхаммедқалиұлы. Қазақстан журналистер одағының мүшесі Қайрат Мәлікаждардың 2015 жылы 29 шілдеде «Бақ КЗ» сайтында жарық көрген «Уақ Бармақбатыр» деп аталған мақаласында: «Байырғы қазақ шежіресі уақ ұлысын 11 тайпаға бөледі, олар: Шоға, Сарман, Байназар, Сарбағыш, Сіргелі, Ерінші, Әлімбет, Бидәлі, Жансары, Баржақсы, Шайкөз. Осы 11 тайпа ішінде Бидәлі, Жансары, Баржақсы, Шайкөз тайпалары Ергенекті уақ деп аталады. Уақтың арғы атасын Жаубасар, Қамбар, Ер Көкше, Ер Қосай батырлардан таратады, жауға шапқанда Жаубасар мен Ер Көкшенің атын ұран етіп шақырады» – деп жазады. 
«Уикипедия» ашық энциклопедиясынан алынған мәліметте: «Бармақ Мұхаммедқалиұлы (1703 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Целинный ауданы, өлген жылы белгісіз, Орынбор облысы Ақбұлақ ауданы) – батырқолбасы. Руы – Уақ. Бармақ 1723-1758 жылдары ЕділЖайыққа батыстаншабуылдаған қалмақ шапқыншылығына, Маңғыстауды басып алған түрікпендерге, шығыстан баса-көктеп қазақ жеріне ішкерілей енген жоңғар басқыншыларына қарсы күрестерде Кіші жүз жасағына БалтаБөгенбай батырлармен бірге қолбасшылық еткен. Әбілқайыр ханның Ресей империясының қол астына өту туралы шешіміне наразылық танытқан. Бармақтың ерліктерін кезінде қазақ ақын-жыраулары жырға қосқан. Бізге жеткен «Бармақ батыр» қиссасының алғашқы нұсқасын Дәстем Қарабасұлы жырлаған. Бармақ батырдың ұрпақтары Ресейдің Орынбор облысы Ақбұлақ ауданындаАқтөбе қаласы мен облысында өмір сүріп жатыр» – деген дерек келтіріледі.
            – Жоғарыда Бармақты қалмақтың Садырбала есімді батырын жекпе-жекте жеңіп, Торғай даласын жаудан азат еткенін келтірдіңіз. Осы оқиға жайында толығырақ таратып айтып бересіз бе?
– Торғайдың  күншығыс жақ  бетіндегі  Шеген  ауылы  мен  Ақшығанақ  ауылының  ортасында, Торғай  өзенінің  арғы  беті мен  бергі  бетін  алып  жатқан  «Тосын» деп  аталатын  құмайт  жер  бар.  Осы  жерді бір кездері қалмақ  жұрты  мекендепті.Қалмақтың  Садырбала  деген  батыры  сол  жердегі «Қарсақбасы»деген  төбенің  басына  шығып  алып,  күнде  қазақтарды  жекпе-жекке  шақыра  берген  екен. Қалмақты ығыстыруды ертеден ойластырып жүрген   Шақшақ Жәнібек    жекпе жекке  Уақ  Бармақ  батырды  шығаруға  ұйғарым жасап, оны  алдыртуға  адам  жібереді.Бармақ  батыр қалмақты жекпе-жекте жер құштырады.Бұл жөнінде«Қостанай таңы» газетінің 2014 жылғы 24 желтоқсан күнгі санында Жасұлан Сейітұлы деген автор «Уақ Бармақ батыр» атты мақаласында атап өтті.
Қалмақ батыры Садырбала  өлген  Қарсақбасыда   «Садырбала сайы»  деп аталып кеткен  сай  бар.Қалың  қалмақтан  босаған  жерден  Жәнібек  Бармақ  батырға  осы оқиғадан кейін Тосынның  Ырғыз жағынан   жер  бөліп  берген екен. Ол жер «Уақтың  қызыл  жары» деп  аталған. 
Жалпы, уақтың ішінде қалың қолға жетекші болған атақты қолбасшылар аз емес. Абылай ханның ту ұстаушысы әрі жорық жыршысы Тəтіқара жырау: 
«Қамыстың басы майда, түбі сайда,
Жəнібек Шақшақұлы болат найза,
Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,
Ер жігіттің ерлігі осындайда.
Бөкейді айт сағыр менен дулаттағы,
Деріпсəлі, Маңдайды айт қыпшақтағы.
Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын,
Сары менен Баянды айт уақтағы», – деген жырындағы Сары мен Баян Бармақ батырдың ерлігін жалғастырған батырлар болып есептеледі. Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасында:
«Баянның ер ағасы батыр Сары,
Қос қыран тізе қосып жауын қуған», – дейді.
Үмбетей жырау да: «Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай,Сары, Баян, Сағынбай,            қырмап па еді жауыңды, қуантпап па еді қауымды»,- деп Сары батырдың ерлігін ерекше дәріптеген.
            Жоғарыда келтірілген ақын-жыраулар жырынан ата-бабалар ерлігінің сабақтастығы мен ұрпақтар үндестігі де айқын аңғарылады. Еренші уақ Бармақ батырдың тікелей ұрпағының бірі,есімі елге белгілі кәсіпкер, Қазақстанның Еңбек Ері – Алмат Тұрсынов. Ол батыр бабаларының соғыстағы ерлігін бейбіт күнде ерен еңбегі арқылы жалғастырған абзал азамат.бармак 2            – Қазір Бармақ бабамыздың есімі қаншалықты дәріптеліп жатыр? Батырдың өмірі, ерлігі жайында зерттелген құнды дүниелер бар ма?
– Биыл Қуандық Аманбайұлы Нұршин «Еренші уақ Бармақ батыр» деп аталатын кітабын жарыққа шығарды.Ол батырдың зираты Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында Қалба тауының етегінде екенін жазады. Бұдан шығатын қорытынды, Бармақ батыр әуелі Еділ қалмақтарымен соғысса, кейін жоңғар қалмақтарына қарсы соғысқа қатысу үшін Шығысқа аттанған. Сүйегі де сол жерде қалған.
Қуандық Нұршинның зерттеулеріне жүгінсек, Бармақ батырдың ұрпақтары осы күні негізінен Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында және Орынбор өңірінде тұрып жатқан көрінеді.
Ел аузында жиі айтылатын Бармақ батырдың өліміне тоқталып кетпесе болмайды.Батыр жоңғарлармен Қалба тауында болған шайқаста мерт болады. Батыр ажалы оқыстан болады. Әрине, жаужүрек батыр талай жекпе-жекте қалмақтан мерейі үстем болғандықтан не жауын жеңіп, елге қорған болуды, алда-жалда дұшпан қолынан мерт болса да абыройлы өлуді ойлағаны хақ. Бармақ батырдың қолымен жоңғарлар шайқасқан шақта оның астындағы аты алдыңғы аяғын суырдың ініне тығып алып, жіліншігі үзіліп кетеді. Жаяу қалған батырды қоршап алған жау найзасы оны кеуде тұсынан түйреп өтеді. Қуандық Нұршинның кітабында айтылған жайларға сүйенсек, шайқасқа араласқан Баян батыр сарбаздарымен бірге жауды қоғадай жапырып, батырдың мәйітін жау қолынан алып шығады.
Уақ Бармақ батыр жөніндегі аз-маз деректер мен естеліктердің өзінен ғана оның Уақ пен Керейдің қолын басқарған мыңбасы,1730-40 жылдардан кейінгі соғыстарда аттары шыққан Абылай ханның көптеген жас батырлары қатарында болғанын көрсетеді. Ал 1740-1741 жылдары аралығында Қаракерей Қабанбай батырдың басшылығымен, Шыңғыстаудың сыртында өткен бір жарым айға созылған үлкен «Шаған мен Қоңыр әулие» шайқастары кездерінде ерекше көзге түсіп танылғаны, Бармақ есімі Уақтың тағы бір ұранына айналғаны көрінеді.Тарбағатай өңірін жоңғарлардан қайтып алған 80 күнге созылған «Шорға» шайқастары кездерінде, осы ұрыстардың куәсі болған найман Кәрібай ақынның жырында Бармақ «Уәлі әулие, көріпкел шарапатты да батыр» деп суреттеледі.
– Республикалық ақпарат көздері Бармақ батырдың басына белгі орнатылатынын жазып жатыр. Осы жайында да біле отырайық.
– Бармақ батырдың есімі аңызға айналып, кейінгі ұрпаққа ерлігі өнеге болып қалды. Батыр ұрпақтары оның сүйегі жатқан жерде ескерткіш орнатуды жоспарлап отыр.ШығысҚазақстаноблысыныңКөкпектіауданындаУақБармақбатырдыұрпақжадындажаңғыртумақсатындаауқымды шара өтеді. Батыр бабаныескеалушарасыКөкпектіауданында 16-17 қыркүйеккүндеріұйымдастырылмақ. Бұқаралықіс-шараларлегі «Болашаққабағдар: Руханижаңғыру» бағдарламасыаясындаБармақ батыр бейітініңбасынақұлпытасорнатуменбасталады. «Екікүнгесозылатыншаралараясындаауданорталығынатарихитұлғаныңкеудемүсініорнатылып, аламанбәйгеөтеді, ас беріледі. «УақБармақ батыр – тағылымжәнеруханижаңғыру» аттығылыми конференция жұмысынаелімізгетанымалтарихшылар мен шежірешілерқатысадыдепжоспарланғанекен.
– Мына суретте батырдың кеудемүсіні беріліп отыр. Оның түр-сипаты қалай шығарылды екен?
– Бармақ батырдың бет-әлпетін әртүрлі деректерден жинастырып, суретін салған батырдың тоғызыншы ұрпағы – Айгүл Жұматайқызы Нұршина.
– Әңгімеңізге рахмет!
 
Сұхбаттасқан Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ
 

You may also like...

1 Response

  1. Қолқоюсыз айтты:

    керемет!!!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓