Орман ішінен адам мүрдесі табылды

Қостанай облысында орман алқабынан 56 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 7 қараша күні Таран ауданында болған. Полицияның кезекші бөліміне жергілікті ЖШС нысаны маңынан ер адамның мүрдесі табылғаны хабарланды.
«Жедел-із кесу шаралары барысында 56 жастағы тұрғылықты мекенжайы жоқ ер адамның мүрдесі анықталды. Полицейлер үш тәулік ішінде 37 жастағы күдіктіні ұстады. Ол ішімдікке мас күйінде жәбірленушіні ұрып-соғып, денесін орман алқабына тастағанын мойындады», – дейді ведомоствоның баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК 99-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓