Жарнама сайттары жарға жықпасын
Алаяқтар OLX, Колеса, Крыша.кз секілді танымал жарнама сайттарын қолдана бастады. Зардап шеккен бірнеше тұрғын Қостанай облысының полицейлеріне жүгінді.13 қаңтарда 32 жастағы әйел автокөлікті кепіл ретінде сататын адамға сеніп, оның шотына 710 мың теңге аударған. Кейінірек ол сенген хабарландыруды алаяқтардың жариялағаны белгілі болды. Жәбірленуші полицияға шағым түсірді.
Тағы бір жәбірленуші әлеуметтік желілердің біріне балық аулауға арналған қайықтың ұтыс ойынына қатысамын деп 16 мың теңгесінен айырылған. 33 жастағы ер адам ақшаны алаяқтар көрсеткен шотқа аударып, алданып қалды.
Облыс тұрғындары банктердің жалған қызметкерлерінің қоңырауларына сенуді де қояр емес. Аманқарағай тұрғыны осындай қоңырауға сеніп, 1 млн теңгесінен айырылды. Тағы бір жәбірленуші "Банк күзетшілеріне" өзінің жеке деректерін айтып, олар әйелдің шотынан 2 млн теңге шешіп алған.
56 жастағы рудныйлық тұрғын өзінің жеке деректерін алаяқтарға беріп, олар оның атына 7 млн 864 мың теңге көлемінде несие рәсімдеген. Сондай-ақ, алаяқтар азаматтарды смартфондарына әртүрлі қосымшаларды орнатуға кеңес береді. Қосымшалар көмегімен шотыңыздағы қаражатты оңай шешіп алады. Рудный қаласының 40 жастағы тұрғыны осындай қақпанға түсіп, 200 мың теңгесінен айырылды. Сонымен қатар оның атына 3 млн теңге көлемінде несие рәсімделген.

"Алаяқтар тұрғындардың дербес деректерді пайдаланып, жеке қаражатынан айырып қана қоймай, несие рәсімдей алады. Осыған байланысты, сіздің жеке деректеріңізге үшінші тұлғаларға бермеулеріңізді ескертеміз. Бейтаныс адамдарға ақша аудармас бұрын ақпаратты мұқият тексеріңіз", – дейді облыстық ПД мамандары.