Мерекеге орай марапатталды

Қостанайдағы "Мирас" мәдениет үйінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шара өтті. Оған өңір басшысы Архимед Мұхамбетов қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.DSC_1019-1 желтоқсан – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ерекше мереке, бұл күн халықтың Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа деген ризашылығын, сенімін білдіріеді. Осы уақыт ішінде Елбасының сан қырлы дарын иесі екеніне көз жеткіздік. Тәуелсіз 27 жылдың ішінде Қазақстан мол табыстарға жетіп, саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуыдың даңғыл жолына түсті. Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша елімізде төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында Қазақстанның дамуының негізгі басымдықтарын анықтайтын мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда.Ел Президенті азаматтардың әл-ауқатына қамқорлық көрсетіп, "Бес әлеуметтік бастама" және биылғы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауы сияқты бағдарламалық құжаттар осыны куәландырады,-деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.DSC_1037Сондай-ақ, Архимед Мұхамбетов "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасына халықүлкен қызығушылық танытып отырғанын, соның арқасында азаматтар өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Бүгінгі күні облыс бойынша екінші деңгейлі банктерге 388 млн теңге сомасында 77 өтінім келіп түскен. Елбасының жеңілдетілген ипотека бойынша бастапқы жарнаны ішінара субсидиялау жөніндегі тапсырмасын орындау үшін жергілікті бюджеттен 84 млн теңге бөлініп отыр. Жалпы, жыл соңына дейін осы бағыт бойынша 372 кредит беру жоспарланыпты. Сонымен қатар, "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл басынан бері 342 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.DSC_1108Салтанатты жиын барысында облыс басшысы өңірдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірінің дамуына үлес қосқан түрлі сала өкілдеріне Астананың 20 жылдығына арналған мерейтойлық медальдарды табыс етті. Марапаттаудан кейін мерекелік кеш облыстың шығармашылық ұжымдары мен әртістерінің концертімен жалғасты.DSC_1159

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓