Тұңғыш Президент күніне тарту
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың ауыл аймақтарға сапары Рудный қаласында жалғасты. Алдымен ол «Жемчужина» медициналық клиникасының «Қысқы бақ» атты жаңа ғимаратының тұсауын кесіп, жоғары сапалы заманауи аппараттармен жабдықталған диагностикалық бөлімшесін аралады.– Бүгін біз ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында маңызды нысанды ашып жатырмыз. Рудный жұртшылығы үшін маңызды әлеуметтік нысанның құрылысына 500 млн теңге инвестиция тартылып, 196 жұмыс орны ашылды.
Бұрын емхана 15 мың адамға қызмет етсе, енді оның қуаты 20 мыңға жетіп отыр. Осы қуанышты жаңалықпен баршаңызды құттықтаймын, – деді Архимед Бегежанұлы.Аймақ басшысының атбасын тіреген келесі нысаны – осыдан бір ай бұрын пайдалануға берілген «Рудный Синема» кинотеатры болды. Халықтың сұранысын ескерген «ССКӨБ» АҚ басшылығы «Горняк» мәдениет кешенінің бір бөлігін жеке кәсіпкерлерге жалға беріп, жаңа демалыс орнының ашылуына мұрындық болды. Бүгінде әрқайсысы 107 орынмен жабдықталған екі кинозалда Бельгияның «BARCO» кинопроекциялық жабдығы мен американдық «DOLBY» дыбыстық жүйесі фильмдерді 2D және 3D форматтарында көрсетуге мүмкіндік береді.
Архимед Мұхамбетов кинотеатрдың аяқалысына жоғары баға беріп, «Көшбасшы жолы. Астана» туындысын тамашалады.
Сапарының соңында әрі өңір басшысы цемент зауытында болып, кәсіпорынды іске қосты. Жабдықтардың қалыпты жұмыс істеуіне жауапты қытайлық компанияның өкілдерімен жүздесіп, зертхананың жұмысымен танысты.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ
Толық нұсқасын газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар
работы Акана Сатаева всегда на высоте. Очень радует что в нашей стране есть ткой профессиональный режисер, который двигает казахфильм
Очень правильно описывать историю независимости нашей страны путем создания таких вот фильмов.
Думаю молодежь должна знать каким трудом была достигнута наша с вами независимая страна.
Супер. Хотел бы тоже посмотреть этот фильм. Фильмы до этого вполне были интересны, спасибо также Нурлану алимжанову. К новому актеру надо будет привкнуть
Вообще отрасль создания фильмов в нашей стране стремительно растет с каждым годом. Молодцы казахфильм
Жас қаламыз, бас қаламыз Астананың елордасы болғаны туралы бұл фильм әсерлі деп есептеймін. Көру керек.
Енді Ақан сатаев ағамыз түсірген жаман киноны көрмеппін. Енді бұл кезекті фильмді көруге асығамын.
Одан бұрынғы фильмдерді қызығып қарадым. Елабсының алдындағы жолдарды қарай өткенін көрдік
Кинотеатрларда көрсетедіме екен? Жастарымыз елііздің тарихын осындай көркем фильмдер арқылы тез қабылдайды
Бұл Тәуелсіз Қазақстанның тарихын бейнелейтін фильм. Ал енді Томирис киносын күтеміз!