Сандық хабар тарату іске қосылды
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев пен «Қазтелерадио» АҚ басқарма төрағасы Ескендір Тәжібековтің қатысуымен Қостанай облысындағы сандық жерүсті теледидарды қосудың салтанатты рәсімі өтті.Енді облыс халқының 98%-ы телеарналарды жоғарғы сапада көре алады. Қала тұрғындары 30 арнадан, ал ауылдықтар 15 арнадан ақпарат алу мүмкіндігіне ие болмақ.Бүгінде Қазақстанда аналогтық және цифрлық болып бөлінетін екі эфирлік пішім бар. Біріншісінде, сурет пен дыбыс электрлік сигнал арқылы беріледі, екіншісінде трансформация кезінде кескін және дыбыс электрлік импульстардың цифрлы комбинацияларын пайдалану арқылы кодталады. Осыған байланысты, сигнал кедергіден қорғалған, яғни сурет сапасы айтарлықтай жақсарады. Облыс тұрғындары жаңа тіреуіштер мен антенналарды алып үлгеруі үшін аналогтық хабар таратуды 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін ажыратпайды. Кейін ЦЭТҚ толығымен таратылатын болады. Теледидар мен приставка ЦЭТҚ сигналын түсіну үшін DVB-Т2 сигналын қабылдау мүмкіндігін тексеру керек.
Егер олай болмаса, осы стандартты және UHF антеннасын сатып алу қажет. Олар барлық электроника дүкендерінде бар.
–Облыстың 667 елді мекенінен 42 ауыл АЭФТ-ға қол жеткізе алмады. Ауыл әкімшіліктері ауылдарды аралап, 87 отбасыға сандық хабар тарату үшін қажетті техниканы сатып ала алмайтынын анықтады, сондықтан біз оны бөлінген қаражат есебінен жасаймыз, 1 шілдеге дейін аймақтағы ЦЭТҚ-ны қамту 100% -ға жетеді, – деді облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев.
Әсел Қибаш
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков
сандық хабар тарату – цифрлық хабар тарату? қайсы дұрыс мен ойлаймын ЦИФРЛЫҚ
қазіргі таңда "Саңдық Қазақстан" емес "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы іске асырылуда.