Дәрігерге демеу

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, осы жылы Қостанайда 120 дәрігерге пәтер беріледі.
190901220746000a3561446i
Облыс орталығында бұған дейін «Қазақстан ипотекалық кампаниясы» АҚ арқылы  дәрігерлерге 54 пәтер берілген еді. Таяу күндері тағы 120 медицина қызметкері баспана қуанышына ие болмақ. Мұның сыртында биыл Қостанайда 700 шақты жалдамалы пәтер пайдалануға беріледі. Оның жартысына жуығына ақ халаттылар орналаспақ.
2018 жылы облыстық бюджет есебінен тұңғыш рет «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 80 резидент және 20 студентті даярлауға қаржы бөлінген. 24 резидент биыл облысқа оралады.  Ауылдық елді мекендерге жұмысқа орналасқан дәрігерлердің әрқайсы биыл екінші жыл қатарынан облыс бюджетінен 1 жарым млн теңгеден көтерме жәрдемақы алып келген. Биылдан бастап қалалық мекендерге келетін дәрігерлерге де 1 млн теңгеден берілетін болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓