3-қазанға дейін жаңа банкнотқа көшіңіз!

2006 жылы енген төл теңгеміздің банкноттары тұтынысы биыл қазан айында айналымнан шығады. Демек, ескіні жаңаға айырбастауға 3-қазанға дейін уақыт бар. акша
ҚР Ұлттық банк өзінің ресми сайтында қазақстандықтарға ескі банкноттарды айырбастауға кеңес береді. Анығырақ айтқанда, 3-қазанда 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттар айналымы аяқталады. Аталған мерзімге дейін бұлар ел аумағында ешқандай шектеусіз банктік операциялар мен төлемдерді іске асыруға болады. Сондай-ақ, 12 ай бойы – осы жылдың 4-қазанынан 2017 жылдың 3-қазанына дейін ескі банкноттар кез келген екінші деңгейлі банктерде айырбастауға мүмкіндік болатынын айта кеткен жөн.
Ал банкнотты айырбастаудан бас тарту жауапкершілікке алып келеді. Яғни кәсіпкерлік субъектілер үшін 5 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 10 АЕК және ірі кәсіпкерлер үшін 25 АЕК көлемінде айыппұл белгіленеді. 
Керісінше, банк айырбастан тартса, ол 50 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓