Жаңа кеңсе – “Адалдық алаңы”

Облыс әкімдігі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қостанай – адалдық алаңы» атты бірлескен жобаны қолға алды. Жаңа жобаның басты мақсаты–тұрмыстық коррупцияны түбегейлі жою. Жоба кеңсесі облыстық филармония ғимаратының бірінші қабатында орналасқан.Өңір тұрғындары білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау, мемлекеттік қызмет көрсету сияқтыкез-келген салада  пара дәметкен адамға кезіксе, я болмаса жемқорлыққа итермелейтін жағдайға душар болса, осыорталыққахабарласып, шағым-ұсыныстарын білдіре алады. Жоба кеңсесі Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония ғимаратының бірінші қабатында орналасқан.DSC_0426
«Қостанай – адалдық алаңы» кеңсесіне өңірге сапарлап келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бас сұқты. – Биыл ақпан айында Астана қаласында дәл осындай жоба іске қосылған болатын. Бүгінде ол өз нәтижесін беріп  жатыр. Мұндай кеңселердің тек Астанада ғана емес, еліміздің барлық өңірлерінде ашылуы тиіс екенін Елбасы да қадап айтқан болатын. Одан кейін біз жуырда ғана Қарағанды қаласында «Сарыарқа – адалдық алаңы» кеңсесін аштық. Сіздер бұл жобаны республика бойынша үшінші болып қолға алып отырсыздар. Басты мақсат – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың жолын кесіп, оның деңгейін төмендету және азаматтарға қолайлы жағдай жасау. Бұл тұрғындарға қажетті қызмет түрін кедергісіз алуға жол ашады. Азаматтар сыбайлас жемқорлыққа қатысты деректерді осы жерге хабарлауға болады. Мемлекеттік органдар түскен шағымдар бойынша дереу тиісті шараларды қолға алуы қажет. Бүгінде тұрмыстық коррупция барлық дамыған елдерде түбірімен жойылған. Біз де қоғамдық сананы жаңғыртып,  осы межені бағындыруымыз керек, – деді агенттік төрағасы.DSC_0387
А. Шпекбаев одан кейін автожол саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланған республикалық конференцияға қатысты. Конференция барысында «ҚазАвтоЖол» АҚ ҰК мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы Жол картасына қол қойды. Аталған құжат көлік жолы саласында жең ұшынан жалғасу сияқты келеңсіздіктердің алдын алып, жол бойындағы жемқорлық әрекеттерін жоюға қол жеткізеді.
 
Нұрқанат Құлабаев
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓