Татулық пен бірліктің үлгісі – Конституция
Тәуелсіздігіміздің тәу етер киесі – Ата заңымыз – ҚР Конституция күнін қостанайлықтар орталық алаңда кеңінен атап өтті. Көркемөнерпаздардың өнеріне қайта-қайта қол соғып, қошемет көрсеткен халық осы күннің құрметіне ұйымдастырылған автошеруді де тамашалады. Дәл осы сәтте республикалық «Хабар» арнасы тікелей эфир арқылы хабар таратып, Қостанай шаһарындағы көріністі қалың қазақ еліне көрсетті.
Сан ұлт пен ұлысты айрандай ұйытып, тату-тәтті өмір сүруіне кепілдік болып отырған – ҚР Конституциясы екендігі анық. Бүгінгі жаңа Қазақстанның толайым табыстарға жетуінің басты себебі де осы татулық пен бірліктің негізінде құрылған Конституциямыздың нәтижесі.
Нұрболат МЕШІТБАЕВ.