«Кейкі батыр (Нұрмағамбет) Көкембайұлы. Өмірі мен өлімінің тарихы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияcы
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі көшбасшыларының бірі – Кейкі батырдың сүйегін ұлықтап, жер қойнына беру рәсімі Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында «Кейкі батыр (Нұрмағамбет) Көкембайұлы. Өмірі мен өлімінің тарихы» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциямен жалғасты.
Бұл – еліміздің тәуелсіздігінің арқасында, Елбасымыздың салиқалы саясатының нәтижесінде қол жеткізіп отырған дүйім елдің жетістігі. Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы шеңберінде жүзеге асып жатқан құндылықтарымыздың жарқын көрінісі.
Мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысқан мәртебелі жиында ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова мен Венгрияның еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі Андраш Барани құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдірді.
ҚР парламенті Мәжілісінің депутаты, саясат ғылымдарының докторы, профессор Қуаныш Сұлтанов, Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов, ҚР Орталық музейінің директоры, тарих ғылымдарының докторы, доцент Нұрсан Әлімбай, «Алаш» халықаралық әдебиет сыйлығының лауреаты, ақын Серік Тұрғынбекұлы баяндама жасады.
Кейкі батырдың ұрпағы Сейтқали Қосжанов сөз алып, қиын қыстау заманда елінің болашағы үшін басын бәйгеге тіккен батырды ұлықтауда мемлекеттік деңгейде атқарылып жатқан ауқымды шараларға алғысын жеткізді.
Баһадүр батырды еске алуға арналған республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция соңы марапаттауларға ұласты.
Атап айтқанда: ҚР Орталық музейінің директоры Нұрсан Әлімбай, өлкетанушы, «Кейкі батыр» кітабының авторы Шөптібай Байділдин, Арқалық қаласының әкімі Амантай Балғарин, архитектор, Кейкі батыр кесенесі жобасының авторы Бек Ыбраев, «Алюминстрой» ЖШС бас директоры Абай Мұқанов, журналист, Кейкі Көкембайұлы кітабының авторы Мақсұтбек Сүлейменов, Аманкелді ауданының әкімі Нұржан Өтегеновтер «Кейкі батыр» естелік төс белгісімен марапатталды.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы.