Ғылыми конференция өтті
Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалында "Рухани жаңғыру – төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында Қазақстанның дамуының негізгі факторы ретінде" атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" бағдарламалық мақаласының, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының, ҚР Президентінің "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру және насихаттау, қоғамдық санада елдің мемлекеттік саясатын қолдау деңгейін арттыру, ұлт бірлігін қамтамасыз ету және ғылыми жұртшылықты тарта отырып, қазақстандық патриотизмді нығайту.
Ғылыми конференция қоғамның алдына қойылған міндеттер шеңберінде сараптамалық білімді анықтап, біріктірді. Сондай-ақ, ғылымды, технологиялар мен инновацияны дамытудың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективалары туралы келісілген ұсынысты қалыптастырды.



Әсел Қибаш
Суретті түсірген автор