Бақытжан Сағынтаев: “Баға бақылауда болсын!”

Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев облыс әкімдеріне коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуіне жол бермеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Без названия«Елбасының тапсырмасын орындау барысында біраз жұмыс атқарылды. 2019 жылдың қаңтарынан бастап электр энергиясы мен газ тарифтері, оған байланысты жылу, су тарифтері төмендейтін болады. Көмір арзандайды. Мобильдік байланыс пен интернет тарифтері де төмендемек. Яғни, Мемлекет басшысының қойған тапсырмалары бірінші қаңтардан бастап іске асырылуы қажет»,- деді Бақытжан Сағынтаев.
Осы ретте Үкімет басшысы әкімдіктерге көмірдің қолайлы бағасын қамтамасыз ету үшін өңірлік операторлардың  үздіксіз және сапалы жұмысын қолға алуды тапсырды.
«Екіншіден, бірқатар өңірде жылдың басынан бері қоқыс шығару тарифтерінің өскені көрініп отыр. Мәселен Шығыс Қазақстанда – 30, Батыс Қазақстанда – 46, СҚО – 50, Алматы қаласында 40 пайызға өсіп отыр. Жолаушылар тасымалы бойынша Ақтөбе облысында жолақы 30 пайызға өскен.  Сол себепті әкімдерге облыстың коммуналдық қызметтері тарифтерінің өсуіне жол бермеуді және оларды төмендету бойынша тиісті  жұмыс жүргізуді тапсырамын», – деді Премьер-Министр.  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓