Прагматизм негіздері талқыланды
Л.Н. Толстой атындағы ОӘҒК-ның конференция залында «QazTalks» азаматтық қоғамының бесінші ашық конференциясы өткізілді. Конференцияның тақырыбы – «Прагматизм – қазақстандық қоғамның жаңа үрдісі».
– Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді. Мақалада біздің еліміздің тарихына және ғылыми-зерттеу жұмыстарына серпін беретін алты нақты жоба ұсынылған. Мемлекет басшысы өткенді мақтанышпен, болашаққа деген шынайы және оң көзқарасты прагматикалық бағалауда ел жетістігінің кепілі деп санайды, – деді облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зәуре Байменова.
Прагматикалық адам – іс жүзінде пайдалы нәтиже алу аспектісінде өмірге қатысты өз іс-әрекет жүйесі мен көзқарастарын құратын адам.
– Мен өндірістік қызметкермін және пайдалы болған жерде туылған адамдардың санатына жатамын. Қазіргі уақытта мен Федоров ауданының Пешковка кентінде тұрамын. Біз жақсылық жасау арқылы өмірге деген көзқарасымыз өзгереді, өйткені бұл – прагматизм. Сондай-ақ, бұл қасиет болашақ ұрпаққа берілуі керек, – дейді «Troyan» ЖШС директоры Юрий Малышко.
Әсел Қибаш
Суретті түсірген автор