Адам өліміне ішімдік кінәлі
Төтенше оқиға Қарасу ауданында 16 қарашада болған. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.Қарасу ауданының Целинный ауылында спирттік ішімдік ішу кезінде пайда болған жанжал салдарынан кісі өлімі болды. Ушыққан ұрыс-керіс кезінде бірі екіншісінің денесіне ауыр жарақат салып, жапа шегуші оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі уақытта аталмыш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.