Құрылысшы көз жұмды
Төтенже жағдай 8 тамыз күні болған. Марқұм үй құрылысы комбинатында қалыпқа құюшы болып жұмыс істеген.
-Жұмыскерді техникалық құрылғы жаншып кетті. Оның жамбас және құйымшақ сүйегі үгітілген. Өзге де ауыр зақым алған болуы мүмкін. Мұны сот-медидициналық сараптама қорытындысы көрсетеді. Ол ауруханада көз жұмды,-дейді Қостанай облысының еңбек жөніндегі инспекция басшысының орынбасары.