Газ баллоны жарылып, отбасы зардап шекті
Қостанай ауданының Затобол кентінде газ баллоны жарылып, үш адамды күйік шалды. Қайғылы оқиғадан соң Сергей мен Людмила Дубровскийлер мен Сергейдің егізі ауыр халде Қостанай облыстық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілді. Ерлі-зайыптылардың денелерінің 85 пайызын күйік шалған. Соңғы ақпараттарға сүйенсек, үйдің отанасы Людмила Дубровская бүгін өмірден озды. Дәрігерлер қалған науқастардың жағдайы да өте ауыр дейді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендердің жеке үйінің үш қабырғасы құлаған. Өрт шарпыған аумақ – 80 шаршы метр. Белгілі болғандай, Сергей Дубровский балық аулаймын деп сатып алған салмағы 5 келілік кішігірім газ баллоны жарылған. ТЖД мамандары жарылыс себептерін анықтап жатыр. Зардап шеккендердің туыстары жерлестеріне кез келген топта және кез келген резус-факторда қан тапсыру туралы өтініш жасады.
Қазақпарат