«Keіki Mergen» ұлттық арнадан көрсетіледі

16 желтоқсанда Ұлттық арнадан «Keıki Mergen» («Кейкі Мерген») тарихи драмасының тұсауы кесіледі, деп жазады Tarlan.kz порталы.Keiki-mergen-678x381
Қазақ халқының бір ғасыр бұрынғы тағдыры мен сол кезеңдегі оқиғаларды суреттейтін 16 бөлімді туынды «Қазақстан» РТРК» АҚ тапсырысымен түсірілген. «Кейкі мерген» телехикаясы бойынша Кейкі батырдың өмір сүрген ортасы туралы зерттеулер жасап жүрген Шөптібай Байділдин мен тарихшы Берік Әбдіғали телехикаяға кеңесшілік жасады.
Туындының режиссері – Мұрат Бидосов (бұған дейін «Тар заман» тарихи сериалын түсірген). Басты кейіпкер Кейкі мергеннің рөлін театр және кино актері Дархан Сүлейменов сомдайды. Саундтректің композиторы әрі орындаушысы – Ұшқын Жамалбек, сөзін жазған – Сержан Зәкерұлы.
Кеңес үкіметі кезінде есімін атауға тыйым салынған батыр туралы телетуындыны «Projects House» компаниясы дайындады. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ауласындағы Этно кешенде және Көне Отырар қаласында түсірілім жұмыстары жасалды.
 
https://www.youtube.com/watch?v=RmLV6ntUtyk
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓